Қарағандылық футболшылар севастопольдік құрдастарымен болған жолдастық кездесуде 2:1 есебімен басым түсті

2002 жылы құрылған Севастополь қаласының командасы 2010/2011 жылғы маусымда тұңғыш рет Украина Премьер лигасында өнер көрсетіп 15-орын алған болатын. Олар 2009/2010 жылғы маусымда Бірінші лигада, ал 2006/2007 жылғы маусымда Екінші лигада топ жарып, 2005/2006 жылғы маусымда Екінші лигада қола жүлдегер атанған. Қазақстан Премьер лигасының 2010/2011 жылғы чемпионы бұл ойында 2 допты да кездесудің бірінші жартысында енгізді.

Бұл Виктор Кумыков жаттықтыратын қарағандылықтардың Түркиядағы соңғы жиынында жоспарланған 4-жолдастық кездесуі болатын. Олар кездесудің барлығын өз пайдасына шешті. Атап айтқанда 8 ақпанда Польшаның экстра-класында өнер көрсететін Забже қаласының «Гурник» командасын 1:0 етіп ұтты. Ал 7 ақпанда Өзбекстан чемпионы Тәшкенттің "Бунёдкор" командасымен екінші құрамы 1:1 есебімен тең түссе, негізгі құрамы 10 ақпанда 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«Шахтер» енді 20-28 ақпанда Астанада соңғы әзірліктерін пысықтаған соң 6-наурызда «Астана-аренада» 2011 жылы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанған Шымкенттің «Ордабасы» командасымен Суперкубокты сарапқа салады.