Қарағандылық футболшылар Ташкенттің «Бунедкор» командасымен тең түсті


«Шахтердің» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан чемпионының 3 ақпанда басталған бұл жиыны 20 ақпанға дейін созылмақ. Олар онда 6 ақпанда Польшаның Белосток қаласының «Ягелония» командасына және 4 ақпанда Ресейдің Пермь қаласының «Амкар» командасына 1:2 есебімен ұтылып қалған еді. Қарағандылықтар енді 12-сі күні Польшаның Гданск қаласының «Лехия», ал 16-сында Польшаның Хожув қаласының «Рух» командасымен күш сынаспақ.