Қарағандылық кеденшілер 19 мың евроны контрабандалық жолмен алып өтуге бағытталған әрекетке тосқауыл қойды



Қарағанды-Франкфурт бағытындағы №925 рейске билет алған азамат ақшаны спорт киімінің қалтасына жасырып Германияға алып өтпек болған.
Ол кедендік тексеру барысында қолға түсті. Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің "экономикалық контрабанда" жөніндегі 209-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркілеу қарастырылған.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті