Қарағандылық кеншілердің жалақысы 22 процентке өсетін болды

Барлық категориялы жұмыскерлердің жалақысын көтеру туралы шешім жеке құжат түрінде қабылданды. Екі жақты комиссия қол қойған құжатта "Миттал Стил Теміртау" АҚ көмір департаментінің жалақы қоры 1-шілдеден бастап 95 млн. теңгеге өсетіні айтылған. Бұл барлық категориялы жұмысшылардың жалақысын 10 процентке, ал жер астында еңбек ететін кеншілердің жалақысын 22 процентке өсіруге мүмкіндік береді.