Қарағандылық металлургтар жалақыны көтеру жөніндегі талаппен митингіге шықпақшы

Ұйымдастырушылар шараға 5 мыңдай адам шығады деп межелеуде.

Металлургиялық комбинаттың кәсіподақ комитетінен хабарлағанындай, зауыт жұмысшылары келіссөздердің көмегімен жалақы көлемін көтеруге қол жеткізбек болған. Алайда, "Arcelor - Mittal" компаниясының президенті Лакшми Миттал өз менеджерлері арқылы "ешкімде ақша жоқ, өнім өтпей қалды, бұл - мүлдем жалақы көтеретін уақыт емес",- деп хабарлаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті