Қарағандылық полицейлер Елбасының әнін хормен шырқады

Жол патрульдік полиция қызметкерлері сахнаға шығар алдындағы соңғы сәт – тамақтарын қырнап, жаға жеңдерін түзеп жатыр. Қобалжу бар, бірақ мұнда жаңылуға болмайды. Өйткені бұл көшедегі күзет емес, жауапкершілік жоғары, бастықтар да бақылап отыр. 

Залда шақырылған қонақтар мен оқушы, студенттерден ине шаншар орын болған жоқ. Соңғылары алғашында қайда түскендерін түсінбесе, кейіннен әуелеген әннен арқаланып кетті. Тек ауыр жұмыстан қажыған қызметкерлердің өздері аздап қалғып-мүлгіп отырды. Ал сайдың тасындай жігіттерден құралған полиция хоры шараның шырайын кіргізді.           


Жаңатай Сембеков Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

- Бойларына ғана емес,дауыстарына да мән беріліп, 600 адамның ішінен іріктеліп алынды. Елдің алдына шығып өлең айтып өнер көрсету әрине қиын. Оның бағасын халық береді.

Бағаны бұқара ғана емес, көзілдіріктегі министрліктің мына өкілі беретіні салтанаттың соңында белгілі болды. Болат Қаженов хор жұмысын  жалпылама оң бағалағанымен, шалбарларына қатты шүйлікті.