Қарағандылық құтқарушылар ТЖМ қысқы спартакиадасында бірінші орынды иеленді

Бұл туралы бүгін ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Финалдық жарыстар Қостанай қаласында өткізілді. Чемпиондық мәртебеге Астана қаласы, Қарағанды, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының төрт командасы таласты.

«Қарағандылық спортшылар спартакиада аясында жүргізілген барлық спорт түрлерінен үздік болды. Ең көп балл жинаған облыстық ТЖД командасы ТЖМ қысқы спартакиадасының чемпиондық кубогын жеңіп алды», - деп атап өтті баспасөз қызметі.