Қарағандылық құзға өрмелеушілер республикалық жарыстарда 20 медаль иеленді

Жарыс қорытындысы туралы Қарағанды облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Құзға өрмелеушілер жылдамдық пен қиындыққа жарысты. Кубокқа Астана, Алматы қалалары, Алматы, Қостанай, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарынан келген 150-ден астам спортшылар қатысты. Түрлі жас ерекшеліктеріндегі топтар бойынша барлығы 54 медаль сарапқа салынды. Медальдардың саны бойынша Қарағанды облысы бірінші орында (20), екінші орында 17 медаль алған Оңтүстік Қазақстан облысы, үшінші орын 7 медаль алған астаналықтарда.