Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей командасы Италияға жаттығу жиынына кетті

«Сарыарқа» хоккей клубы алдағы ойын маусымы алдындағы екінші дайындығын бастады. Команда 29 адам құраммен Италияға дайындық жаттығуларына кетті», - делінген клуб баспасөз қызметі сейсенбі күні таратқан хабарда.

Команда Италияда 16 тамызға дейін жаттығады. «4 жолдастық кездесулер өткізу жоспарланған. Олар: HCLugano(Швейцария), Sierre(Швейцария), MorzineAvoriaz(Франция) және Италия құрамасымен кедесу», - делінген хабарда.

«Сарыарқа» ол жаттығулардан оралған соң, Астанада 20-28 тамызда өтетін Қазақстан кубогына дайындықты жалғастырады.