Қарағандылық «Шахтер» словениялық «Копермен» 1:1 есебімен ойнады

«Еуропа Лигасының бірінші іріктеу раунды аясында «Шахтер» 30 маусымда словениялық «Копермен» ойынын 1:1 есебімен аяқтады. «Копердің» қақпасына доп Жамбыл Көкеевтің пенальтиімен кіргізілді. «Шахтерға»голдыДавор Бубанисоқты», - делінген жұма күні таратылған ақпаратта.

Еске сала кетейік, қазақстандық және словениялық клубтар еурокубокта алғаш рет кездесті. Жарыстың бас төрешісі - Георгий Вадачкория (Грузия). Сызықта грузинтөрешілері - Мамука Эликашвили мен Гурам Чигогидзежұмыс істеуде.

Жауап ойын 7 шілдеде Қарағандыда өтеді.

Копер – осы аттас қаланың футбол клубы, 1955 жылы құрылған және Словения чемпионатында жеңіске жеткен үш клубтың бірі («Марибор» мен «Олимпиядан» басқа). Команданың жаттығу стадионы — «Бонифика».