"Өз командасы үшін жанкүйер болуға 2011 жылы 172 250 көрермен келді, бұл орташа алғанда бір матч үшін 5 383 жанкүйерді құрайды», - деген деректерді келтірді ҚФФ.
Қатысу бойынша көшбасшылар үштігінде сондай-ақ «Ақтөбе» (169 750 көрермен) және «Астана» (159 300 адам) футбол клубтары бар. Одан кейін тізімде «Ертіс» ФК тұр - өз командасына жанкүйер болу үшін 132 200, «Ордабасы» футбол клубына 127 000 адам, «Тобыл» футбол клубына - 122 150 адам келді.
Федерация мәліметтері бойынша, өткен маусымның чемпионатында 192 матч ойналды, оған 739 400 қазақстандықтар келген, бұл бір матч бойынша 3 851 адамды құрайды.