Қарағанды экономикалық университетінің студенті полицияға шолақ мылтыққа арналған 10 мыңнан астам оқ әкеп тапсырды.
«Қыз бала ішкі істер органдарына шолақ мылтыққа арналған 5,6 миллиметрлік 10 мың 70 оқ әкеп тапсырды», - деп хабарлайды қалалық ІІБ орталық бөлімінен.
Өзінің айтуына қарағанда, ол оқты өткен жылы жер үйдің шатырынан тауып алған көрінеді.
Жарамдылығын анықтау мақсатында оқтар сараптамаға жөнелтілді.