43 жастағы еркек "Шығыс" орталық базарында ұсталды. Ол Қарағандыға Ресейден 5-қарашада келген. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "тәркіленген ақшаның жасанды екені айқын көрініп тұр".
Ұсталған адамның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің "қолдан ақша жасау немесе сату" жөніндегі 206-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.