Қарағандылық заңгер сот процесі кезінде судьяны сапалақпен сабады


Енді бүйректен сирақ шығаруды жақсы көретін заңгердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе 5 жылға дейін қамалады деп отыр одан зәбір көрген Қарағандының соттары. Естеріңізге салсақ, осыдан үш жыл бұрын кезекті сот отырысында Евгений Танков куәгер ретінде судьядан кардинал Решелье мен әулие Севастьянды шақыруды сұраған. Судья заңгердің талабын орындап, біреуі 4 ғасыр, екіншісі 50 жыл бұрын өмір сүрген тарихи тұлғаларға сотқа келсін деген қағаз жазып берген-ді. Тіпті ол аздай, әлгілер келмей қалғанда «сотқа құрмет көрсетпеді» деп шала бүлініп, масқара болған.