Қарағандылық зейнеткер әйел полицейлерге алаяқ ұлы мен оның сыбайластарын ұстап берді

Бұрын сотталған, жазасы толық өтелмеген 32 жастағы қарағандылық ер адам өзінің егде жастағы анасы арқылы байығысы келіп, іске бұған дейін бірнеше рет істі болған достарын тартты.

25 қаңтар күні 67 жастағы әйелдің үй телефонына белгісіз біреу хабарласып, одан баласының қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы үшін 400 доллар беруді талап еткен. Зейнеткер әйел бірден полицияға хабарласып, жалған полицейлердің телефон соғуы туралы айтқан.

Зейнеткер әйелдің үйіне Қарағанды қалалық ІІБ-ның Октябрь полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы жетіп, ақшаны табыстау кезінде оның ұлын және 43 және 29 жастағы достарын ұстады.