Қарағандылық жетімдер үйінің тәрбиеленушілері «Болгар раушаны-2012» атты халықаралық фестивальде өнер көрсетеді

Қазақмыс корпорациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, компания болгар елінің Приморско қаласында өткен байқауға барған жетімдер үйінің дарынды балаларының өнеріне қолдау көрсетіп, қаражатын көтерді. Компания балалардың жолақысы мен сахнаға шығатын костюмдеріне қаражат бөлді.

Қазақмыс компаниясы Балаларды қорғау күніне қамқорлыққа алынған жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлық табыс етті, деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналары Қарағандының «Сайыпқыран балалар» атты қоғамдық бірлестігінен Балқаш көлінің жағасында орналасқан санаторийге демалуға мүмкіндік беретін жолдамаға ие болды. Кәмелеттік жасқа толмағандарды оңалту орталығына арналған ойыншықтар Жезқазған қаласында сатылып алынды», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.