Семейде еріктілер қала орталығындағы кеңселердің бірінде қабылдау нүктесін ұйымдастырған. Жылы киімдер, азық-түлік, тіпті, дәретхана қағазына дейін тұрғындар осында әкелуде. Ал оңтүстік жұрты киім-кешек, ыдыс-аяқ қана емес, ақшалай да жылу жинап жатыр. Әлеуметтік желілер арқылы қарағандылықтарға қол ұшын созу туралы үндеуді естіп келгендер көп. Шымкентте қайырымдылық шара дүйсенбіге дейін жалғаспақ.
Анарбек Құмаров, Шымкент қаласының тұрғыны:
- Көмек ретінде осындай болысып жатырмыз. Не әкелдіңіз сіз? Киім, ыдыс-аяқ, өзіміздің пайдаланып жүрген, артылған ыдыстар бар.
Loading...