Қарағандының әйелдер колониясына Астана тұрғынынан есірткісі бар орама келген

«Шын мәнінде, айлалы тәсіл арқылы «дәріні» колонияға жеткізбек болған. 40 целлофан орамаға салынған есірткі орамалары темекінің  фильтріне салынған. Сот-химиялық сараптама тәркіленген орамаларда жалпы салмағы 13 грамм болатын героин мен гашиш болғанын анықтады.

Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін қылмыстық тергеу бөліміне жолданды», - деп атап өтті Қарағандының ҚАЖ облыстық департаментінде.