Қарағандының билік өкілдері балалар үйін салуға жер телімін беру процессін бір жыл бойы сөзбұйдаға салған

Мекеменің хабарлауынша, облыстық прокуратура "Шарық Дастан балалар орталығы" ЖШС директоры Д. Көпеева өздеріне шағымданғаннан кейін жер заңын пайдалануға тексеру жүргізген.

"Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-бабына сәйкес жер телімін пайдалану құқығын беру туралы өтініш берілгеннен кейін 2 ай ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер телімі құқығын беру үш апта ішінде қарастырылуға тиіс. Бірақ жергілікті атқарушы орган заңның жоғарыда көрсетілген нормаларын бұзуға байланысты Д. Көпееваның уақытша жер телімін пайдалану құқығын беру туралы өтінішін қарастыру бір жыл бойы сөзбұйдаға салынған",- деп хабарлады Е. Тастанбеков.

Басқарма прокуратурасының айтуынша, Д. Көпееваның өтініші Қарағанды әкімінің аппаратына 2006 жылдың 16-шілдесінде түскен және осы уақытқа дейін қаралмаған. Сондай-ақ, тексеру барысында аталмыш өтінішке қатысты материалдар Қарағандының Жер қатынастар бөлімінің бас маманының кінәсінен жоғалып кеткендігі белгілі болды.

"Облыс прокуратурасының жүргізген тексеру нәтижесінде қала әкіміне заң бұзушылықтарды, оған жол берген себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізілді. Қаланың Жер қатынастар бөлімінің бас маманы мен Қарағанды әкімінің аппарат басшысы тәртіптік жауапқа тартылып, жер телімін пайдалану құқығын беру туралы өтініш қайта қаралуда",- деді Ержан Тастанбеков.