Қарағандының боксшысы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Мекеменің ақпараттарына сүйенсек, Қытайда 16-шы және 23-ші қараша аралығында "Сәттілік, Пекин" атты халықаралық бокс турнирі өткен. Оған 17 ел қатысқан. Серік Елеуов Қарағандыдан барған Қазақстанның ұлттық құрамасының жалғыз спортшысы.

60 кг салмақ дәрежесіндегі қарағандылық боксшы алтын медальді жеңіп алды.

Серік Елеуовтың агенттік тілшісіне хабарлауынша, ол бірінші ұрыста қытайлық боксшымен бақ сынасқан. С. Елеуов қарсыласын бірінші раундта жеңіп шыққан. Екінші жарыста қарағандылық спортшы түрік боксшысымен бетпе-бет келіп, оны 24:8 есебімен жеңген. Жартылай финалда С. Елеуов Ресейдің боксшысын тізе бүктірген. Ал, финалда Серік Елеуов американдық спортшыны жеңіп, алтын медальді жеңіп алған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті