Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлім еткендей, кадрлық шешімдер апта сайын қабылдануда.
«Өздеріңіз білесіздер, қазіргі кезде қандай үдерістер жүріп жатқанын. Бізде қала әкімі ауысты. Құрамның жаңаруы жүріп жатқандықтан қала әкімдігінде 30, тіпті одан да көп вакансия бар. Сонымен қатар мемлекеттік қызметке өту тәртібін білесіздер, яғни бұл тұрғыда айтарлықтай ұзақ үдерістер жүзеге асырылады», - деді әкім.
«Бірқатар қалалалар мен аудандар әкімдері бойынша белгілі бір алмастыру жүргізуге мәжбүрміз. Сондай-ақ басқарма басшылары деңгейінде де тиісті жұмыстар жүріп жатыр», - деп нақтылап өтті өңір басшысы.