Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұловты қамау мерзімі 16 маусымға дейін ұзартылды


«Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловты қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішті қарастырды», - делінген хабарламада.

Қаланың бұрынғы басшысы М.Смағұлов ҚР ҚК 307-бабының 4-бөлімі, 307-бабының 3-бөлімі, 307-бабының 1-бөлімімен (ауыр зардаптарға апарған қызметтік өкілеттілігін теріс пайдалану) қарастырылған жемқорлық қылмыстарды жасауда күдікті деп танылды. 

Соттың 2015 жылғы 4 мамырдағы қаулысымен өтініш қанағаттандырылып, Мейрам Смағұловтың қамауда болу мерзімі 2015 жылғы 16 маусым күнгі сағат 13:00-ге дейін ұзартылды. 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.