Қарағандының екі тұрғыны лаңкестік туралы жалған хабар берді деген күдікпен ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, дүйсенбі күні кешке полицияның кезекші бөліміне "Валют-Транзит" банкіне тиесілі "Созвездие" қонақ үй кешенінде жарылғыш зат орнатылғандығы туралы хабар келіп түскен. Хабарлама алынғаннан кейін 10 минут ішінде жобаланған төтенше жағдай орынына барлық шұғыл әрекет ету қызметтері келіп жеткен.

Қонақ үй кешенінен демалып жатқан 38 адам мен 23 қызметкер шығарылды. Бір сағатқа созылған тексеруден кейін қонақ үй кешенінен бомбаға ұқсас ештеңе табылмады.

Сонымен қатар, осы уақытта жедел басқару орталығында қаскүнемді іздеу жұмыстары да жүріп жатты. Белгілі болғандай, қоңырау шалған қала орталығында тұратын 39 және 42 жастағы екі еркек болып шыққан. Ұсталғандар өз кінәларын мойындап отыр.

Қазіргі уақытта аталмыш дерекке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 242-бабы бойынша (Терроризм актісі туралы көпе-көрнеу жалған хабарлау) қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қаладан шықпау туралы қолхатпен бостандыққа жіберілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті