Қарағандының ІІД сауда орталығында жарылғыш зат қойылды деген ақпарат келіп түсті

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 3 сәуірде 11 сағат 49 минутта Қарағандының ішкі істер департаментіне "Сити Молл" сауда-көңіл көтеру орталығында жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жасырын хабар келіп түсті.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, "арнайы тексеру шараларын өткізу кезінде жарылғыш зат табылмады".