Қарағандының хайуанаттар бағында бұрын-соңды болмаған қуаныш

Осыдан үш апта бұрын туған күшіктер бүгін алғаш рет көпшілікке көрсетілді. Екеуі ұрғашы, біреуі еркек. Әрқайсысының салмағы екі келіге жуық. Хайуанаттар бағының қызметкерлері сүйкімді үш күшікке танымал  үнді фильмінің кейіпкерлері Зита, Гита және Радж есімдерін беріпті. Сәл өскен соң оларды жергілікті цирктің қарамағына беру жоспарланып отыр. Қазір келушілердің қызығушылығын туғызған кішкентай жануарлар ерекше күтімге алынған.


Серік Рысбек, хайуанаттар бағының қызметкері:

-Енді алдағы уақытта жалғыз сүт қорегімен емес, ет тағамымен басқа да тағамдармен қоректендіреміз. Бұлар енді күшіктің аты күшік қой. Анадан бауырдан айыру деген қолға үйрету кезінде әрқилы әртүрлі жағдайлар болып жатады. Мінезедерін айта кетсек, адамға тым бейім келеді.