"Мысалы, процедуралық кабинеттегі шкафтан және манипуляциялық үстелден мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектің оннан астам түрі табылды", - деп ақпарат берді Л. Естілеева.
Прокурордың аға көмекшісінің хабарламасына сүйенсек, ҚР өртке қарсы қауіпсіздік ережесінің 75.5 пунктін бұза отырып балалар бақшасының ішінде электр бөлімінде қолдан жасалған тез ерігіш құралдарды пайдалануға жол берілген.
Сонымен бірге, Л. Есілееваның ақпаратына сүйенсек, "Балапан" балалар бақшасы" ҚҚК Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңын бұзған.
Оның мәліметтеріне сүйенсек, балалар бақшасының басшылығы 2007 жылдың қаңтар айында тамақ өнімдерін жеткізіп тұруды мемлекеттік сатып алу туралы алты компаниямен келісім жасалған. Бұл жерде заңмен қарастырылған баға ұсынысы сұралмаған, мемлекеттік сатып алу процедурасы сақталмаған.
Тексеріс нәтижесі бойынша аудандық прокуратура заң бұзушылықтарды жою туралы алты ұсыныс шығарған. 16 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Л. Естілеева.