Қарағандының ортасында дәмхана өртеніп жатыр

Сол жерде бөлек тұрған кафе толықтай дерлік өртенген, көрші тұрған көп қабатты үй де түтін будағының қоршауында қалып отыр.

Дәмхананың қызметкерлері және ондағы адамдар эвакуацияланған.

Өртті өрт сөндіруші төрт көлік сөндіріп жатыр, өртеніп жатқан ғимаратты полиция қоршауға алған.