Алайда мамандар дене мен бастың бір адамдікі екеніне сенімсіз. Полицейлер тергеудің құпиялығына балап, бұл туралы әзірге тіс жармай отыр. Тіпті оқиға орнында газет тілшілері түсірген таспаларды да тәркілеп алған. Ал бейресми ақпарат көздеріне сүйенсек, бұл жақында ғана із-түссіз жоғалып кеткен 63 жастағы Сәуле Сұраубаеваның сүйегі болуы мүмкін. Сәуленің туғандары марқұмды оның пәтеріне көз тігіп жүргендер қасақана өлтіруі ықтимал дейді.