"Тосын оқиға Долинка поселкесінде орналасқан қатаң тәртіпті АК 159/6 мекемесінде болды. Колония территориясында орналасқан орталық қоймасында жұмыс істеген бір топ сотталғандар, күндіз жасырын түрде жер астын қазған", - деп хабарлады С. Ибажанов.
Оның сөздері бойынша, олар құрал ретінде қоймада жатқан үш қырлы егеуіштерді пайдаланған. Олар бір жарым, екі метрлі шұңқыр қазып үлгерген. Оны территорияны қадағалайтын күзетшілер байқап қалған.
"Қойманың артқы қабырғасы негізгі дауалдан 40 метр жерде орналасқан. Осыншама жерді олар бәрі бір де қазып үлгере алмас еді ", - деді С. Ибажанов.
Қашуды ұйымдастырған тұтқындар бақылауға алынды, кейін олардың үшеуі де құрықталды. Бұл іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Қамаудағы үш адам қатаң тәртіпті колониясына бірінші рет түсіп отырған жоқ. Олар аса ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айырылып, жазаларын өтеуде.
Егер тергеу органдары оларды кінәлі деп тапса, онда олардың жазаны өтеу мерзімі қатаңдатылады.