Caravan Logo

Қарағандының "Сары-Арқа" әуежайында МИГ-31 әскери ұшағы ұшу-қону алаңынан шығып кетті

Қарағандының "Сары-Арқа" әуежайында МИГ-31 әскери ұшағы ұшу-қону алаңынан шығып кетті

Оқыс оқиға кеше сағат 11.20-да болған. Қарағандыда орналасқан әскери-әуе полкының екі ұшқышы айдаған ұшағы күн райын барлауға шыққан. Ұшақ қонатын кезде ұшқыштың қатесінен МИГ-31 ұшағы бетон жолақтан шығып, қарға тіреліп қалу салдарынан шассиіне ақау келген.