Қарағандының «Шахтер» футбол командасы шабуылшысының 2 млн. теңгесі қоолды болды

Бұл туралы облыстық ІІД хабарлады.

«Белгісіз біреулер футболшының үйінің балконының есігін бұзып кіріп, үй ішіндегі алтын зергерлік бұйымдар мен ақшаны алып кеткен. Жалпы шығын 2 млн. теңгені құрады», - деп хабарлайды полицейлер.

Сенбі, қазанның 23-інде орын алған осы ұрлыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.