Қарағандының "Шахтері" Польшаның Забже қаласының "Гурник" командасымен жолдастық кездесу өткізеді

Олар 3-ақпанда Грузияның Жоғары лигасында ойнайтын Тбилиси қаласының «Гагра» командасын 1:0 есебімен ұтқан болатын. Оның алдында қарағандылықтардың екінші құрамы да 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

Қазақстан Премьер-лигасының 2011 жылғы чемпионы енді сәрсенбі күні Польша чемпионатының 14 дүркін чемпионы, 4 дүркін күміс, 7 дүркін қола жүлдегері және 6 дүркін ел Кубогының жеңімпазы, болған "Гурник" клубы болмақ. Польша кубогының 7 рет финалисі болып, Польша лигасының және Супер кубогтың иегері атанған бұл команданың келесі қарсыласы 9-ақпанда Украйнаның Бірінші лигада ойнайтын «Севастополь» футбол клубы болмақ. Ал 14-ақпанда олар "Шахтермен" шеберлік байқасатын болады.