Қарағанды-Қостанай бағытында қатынайтын жолаушылар отарбасындағы қысқа тұйықталу өрт шығуына түрткі бола жаздады

Вагондағы жүргіншілер дер кезінде басқа жаққа көшірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Вагон тізбектен бөліп алынып, өрт қаупі жойылды.

Апат зардабын арылтуға 5 адам мен бір арнаулы машина жұмылдырылды. Оқиға орнына өртке қарсы қолданылатын отарба жіберілді.
Вагонды тексеруден кейін поезд бет алған бағытына жүріп кетті. Темір жолдағы қозғалыс қалпына келтірілді.