Оқиға салдарынан бензин тиелген 1 цистерна жана бастады, жалын оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер жасағының күшімен ауыздықталды.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала себебі - жүк вагондары бірінің жанындағы жақтауының сынуы болды. Вагондардың жолдан шығып кетуінен екі бағыттағы барлық жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды.
Қазіргі кезде Қарағанды темір жол бөлімшесінің қалпына келтіру пойызы күшімен қозғалысты қайта бастау жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнын желілік және аумақтық ішкі істер органдарының қызметкерлері қоршауға алды.
Вагондардың жолдан шығып кету фактісіне байланысты Қарағанды көлік прокуратурасы ҚР ҚК-нің 4-бөлімі 295-бабымен (теміржол, әуе немесе су көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғалды.