Қарағаныда судья тараптарды тыңдамай-ақ шешім шығара салған

Жеке сот орындаушысы Леонид Стрельцов Қарағанды облыстық сот актілерін орындау департаменті басшылығымен соттасып жүргеніне бір жыл болды. Кезекті сотта ол департамент бастығының ар-намысына тиді деп танылған. Аудандық сот шешіміне аппелляциялық арыз беріп, белгіленген күнді күтіп жүргенде облыстық соттың сайтынан мына шешімді оқып шалқасынан түсе жаздапты.

Леонид Стрельцов,жеке сот орындаушысы:

- Процестің болатын күнін қарайын деп  сайтты ашсам, аппеляциялық арызым қанағаттандырмайды деген дайын шешім тұр. Отырыс бугін болуы керек еді. Бірақ шенеунік ерте шешім шығарып қойған

Мұнда Леонид шенеуніктен жата жалбарынып кешірім сұрасын деп анық жазылған. Бірақ бүгін болуы тиіс сот отырысына әуелі шенеунік келмей қалса, ақыр аяғы тараптарды тыңдамай-ақ шешім шығара салған судьяның өзі де болған жоқ. Сөйтсе, оңбай қателескенін ол істі ары қарай жүргізуге ұяты жібермейтінін айтып, істі басқа судьяның қарауын өтініпті. Бүгін Қарағанды облыстық соты шұғыл түрде баспасөз маслихатын ұйымдастырып, «байқамай қапты» деп, әріптестерін ақтап әлекке түсті.


Ермек Серікбаев. Қарағанды облыстық сотының төрағасы:

- Судья Пугаевта сондай жағдай болып қалыпты енді. Сол ой-пікірін мерзім келмей, компьютерге шығарған. Кемшіліктері бар сосын біз айттық, қалай сен жаздың деп? Әлі шешімді қараған жоқсың ғой деп. Бұл - - кемшілік.

Енді судья Игорь Пугаевтың ісін облыстық соттың тәртіптік комиссиясы қарап ең кемі ескерту береміз деп отыр. Ал осы істегідей шешімді шенеуніктің пайдасына апта бұрын шығарып қойғанын  заң бұзу деп танысақ,  Астанадағы сот алқасының талқысына жібереміз деп қалды. Ал әзірге тараптарды тыңдамай-ақ шешім шығарғыш судья жұмыс орнында жайбарақат отыр.