Жұма күні тұтанған жалын көл жағалауына жылдам таралып үлгеріпті. Маңайы мибатпақ болғандықтан, техника от ошағына жақындай алмаған. Оның үстіне қатты жел де өрт сөндірушілердің жұмысына кедергі етіпті. Мамандар тек жалынды бір тәуліктен кейін ауыздықтай алды. Ал экологтар қызыл кітапқа енген құстар мен жануарлардың қырылып қалуы мүмкін деп отыр. Себебі теңіз жағасындағы қалың қамыс талай аң-құстың мекені. Өрттің шығу себептері ретінде демалушылардың тастаған темекі тұқылы да, браконьерлік әрекеттер де қарастырылуда.