Қаралы күні туған күнін тойлаған Баян Алагөзова елдің ашуына тиді (фото)

Қаңтар айының 9-шы жұлдызында дүниеге келген белгілі продюсер меншікті мерекесін ақпан айында тойлауды жөн көрген, деп хабарлайды Stan.kz.

45 жасқа толған Алагөзова әріптестерінің басын қосып, күні кеше “Баянка ягодка опять” атты кеш өткізді. Бір оқпен екі қоянды атуды көздесе керек, Мақсатқызы бұл кеште КешYou тобының жаңа құрамын көпшілікке таныстырды.


Баян Алагөзованың туған күніне Аша Матайдан бастап, Айнұр Тұрсынбаева, Динара Сәтжан, Аида Кауменова, Ерік Тәстембеков сынды шоу-бизнес өкілдері қатысты.