Қарамағындағы келіншекке қырындаған шалқарлық шенеунік айыппұлмен құтылды


Шалқарлық шенеуніктің өзінің орынбасарына көңілі кетіп, басы балеге қалған болатын. Қарамағындағы келіншекке ғашықтық хаттарын жазып, ақыры оның отбасының ойранын шығарды. Бұдан соң алпысты алқымдаған Жұмабаевтың ерсі қылығы тәртіптік кеңес пен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында талқыланады. Салықшы жай жүрмей, сол отырыста қарамағындағы қос келіншекті жеңіл жүрісті деп айыптаған. Енді бұл сөзі үшін төрт жүз мың теңге айыппұл төлейтін болды. Ақшаны ар-намысы тапталғандығы туралы арыз түсірген аудандық салық басқармасы басшысының орынбасары мен инспектор өзара бөліп алады.