Қарамағындағы келіншекке қырындаған шалқарлық шенеунік қызметінен қуылды


60-ты алқымдаған Жұмағазы Жұмабаев өзінің орынбасырмен бірнеше жылдан бері ашына екен. Бастықтың жазған ғашықтық хаттарын ақыры келіншектің күйеуі көріп қалып, ерлі-зайыптылар ажырасып тынған. Бір отбасын ойрандаған басқарма бастығының үстінен сол ойнасының қайын жұрты шағымданыпты. Ақтөбе облыстық тәртіптік кеңес мүшелері алпысқа келіп қалған шенеуніктің әрекеті ар-намыс кодексіне қайшы келді деп қызметінен кетіруге бір ауыздан дауыс берді. Енді ол билік партиясының құрамынан да қуылмақ.