Қарамағындағы қызметкерді сабағаны үшін қылмыстық іс қозғалды - СҚО

«ҚР ҰҚК Шекара қызметінің № 2032 әскери бөліміндегі бөлімше бастығының орынбасары, капитан  Б. өз қарамағында жұмыс істеп жүрген қызметкерінің әрекеттерін жақтырмайтындығын білдіріп, билігі мен қызметтік өкілеттігін асырып, лейтенант Б-ны  сабаған», - деп ақпараттандырды Петропавл гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі Асылхан Смағұлов.

Аталған факті бойынша ҚР ІІМ Орталық аймақтық әскери-тергеу басқармасының Петропавлдағы тобының тергеушісі қылмыстық іс қозғады. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.