Қарапайым байланыс телефонымен енді кез-келген техниканы басқаруға болады

Қарапайым байланыс телефоны арқылы кез-келген техниканы басқару. Сөйлейтін сағат, заманауи техникамен жабдықталған баспана. Бұл сиқыршының қиялдан алған арманы емес, жаңа тұсауы кесілген «SAMSUNG» компаниясының телефоны. Сәнді сағат та кімге болмасын таптырмас құралына айналары сөзсіз.

Стивен Спрараген – Тұтынушылармен жұмыс жөніндегі менеджер:

- Сіз бір сәтте көлік тізгіндеп, сөйлесе де аласыз. Қалай дейсіз ғой? Сағатта микрофон бекітіп алсаңыз болғаны. Ескере кететін жайт бұл модельде 70-тен аса тағы қосымшасы бар. Сағат арқылы кез-келген жұмысыңызды тыңғылықты атқара аласыз.

 Бұл дәстүрлі IFA-2013 халықаралық көрмесіне жердің түкпір-түкпірінен техникаға жаны жақын жандардың барлығы жиналған. Дені әдетінше соңғы үлгідегі тауарларды сынаумен әлек.

Осылайша «SAMSUNG» компаниясы тұтынушыларының әр қалауын жүзеге асыра алатындарын тағы бір мәрте дәлелдеді. 200 мыңнан аса көрерменді тәнті еткен «GALAXY NOTE 3» телефоны болса, тұңғыш рет «Ultra HD» теледидары нарыққа шығарылды. Құны – 60 мың доллар.


Александр Донских, Ресейдегі«Samsung Electronics» компаниясының қызметкері:

- Біздің күнделікті қолданыстағы теледидарымыздан жаңа технологияның сапасы әлдеқайда жоғары. Даусы да ерекше, 15-20 ватт болса, мында 10 есеге артық.

Көрмеге келушілердің жаңа технологияларға тәнті болғаны сонша, алғашқы күні-ақ 4 млрд. теңгеге сауда жасалыпты.