Мұны қазақстандық саясаткер, елдің жоғарғы палатасының депутаты әрі кезінде әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-премьері және Парламенттің төменгі палатасының әлеуметтік саясат комитетінің басшысы болған Дариға Назарбаева жақсы түсінеді.
2012 жылы Д.Назарбаева Мәжіліс (Парламенттің төменгі палатасы) депутаты болып сайланған кезде әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқарды. Бұл міндеттер ауқымы мен жұмыс жүктемесі бойынша парламенттегі ең күрделі мәселелердің бірі.
«Мемлекеттік аппараттың тиімсіз жұмысынан туындаған әлеуметтік маңызды мәселелер мен жемқорлықтың салдарынан пайда болған қоғамдағы сенімсіздікті жоятын кез келді», - деп Д.Назарбаева өз ойын түйіндеді.
Қысқа мерзім ішінде оның комитеті қордаланған әрі ең толғақты мәселелерді талқылайтын қоғамдық орталыққа айналды. Тұрғын үй саясаты, тұрғын үй және жастар ипотекасының кезегі, әлеуметтік стандарттарды енгізу, білім беру жүйесін жаңғырту және жаңа оқулықтарды шығару, медициналық сақтандыру жүйесін реформалау. Бұл Дариға Назарбаеваның комитеті бастаған әрбір қазақстандыққа тікелей қатысы бар реформалардың бір бөлігі ғана.
Бір қарағанда, оның парламенттік стилінің құрамдас бөліктері қарапайым: еңбекке қабілеттілік, нақты нәтижеге назар аудару, мүдделес топтардан пікір алмасу тәжірибесін қалыптастыру, шешім қабылдауда жоғары білікті мамандарға сүйену.
Мəжілісте болған бірнеше жылда депутат Назарбаева әріптестерінің билік пен қоғам арасындағы байланыс орнатуына негіз бола білгенін айта кеткен жөн. Әрі бұған популисттік тұжырымдармен емес, күнделікті шынайы еңбекпен қол жеткізді – Назарбаеваның комитетінің күшімен қоғамның әлеуметтік сұраныстары нақты жұмыс істейтін заңнамалық шешімдерге айналды.
Сәл кейінірек 2015 жылы, жаңа тағайындауда – саясаткер «әйелдер» әлеуметтік бөліміне жауапты үкімет басшысының орынбасары ретінде көріне білді. Дариға Назарбаеваның риторикадағы сыни көзқарасы азайған жоқ, бірақ оның албырттығы азайып, салқынқандылық танытты.
Дариға Назарбаева Министрлер кабинетінде қызмет еткен жылдары өзінің жеке саяси капиталын байытып қана қоймай, мемлекеттік қызметтегі әлеуметтік векторды нығайтты. Саяси сарапшылардың пікірінше, премьер-министрдің орынбасары осы лауазымда өзінің алдыңғы әріптестерінен ерекшеленді. Оның бастамалары мен бағдарламалары жүзеге асып қана қоймай, әлі де қоғамда жоғары сұранысқа ие болып қалды.
Сарапшылар экономикадағы дағдарысқа қарамастан (мұнай бағасының құлдырауы және құнсыздану) әлеуметтік саладағы ахуал тұрақты болып қалатынын мойындады. Осылайша, Назарбаеваның басшылығымен қолға алынған жұмыс қателіктерге жол бермейді.