Жеңімпаз Қарағандыдағы жоғары оқу орнының оқытушысы екен. Бұдан бөлек «Мен Қазақстан заңнамасында нені өзгертер едім?» деп аталатын байқауда тұрғындар білім, денсаулық, отбасы жағдайын жақсарту, жемқорлықпен күрес пен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы жетілдіру керек деген пікір білдірген. Енді депутаттар Парламентке түскен заң жобаларын қарапайым азаматтармен бірге талқыламақшы. Ол үшін арнайы клуб құрмақ.
Дариға Назарбаева, Мәжіліс төрағасының орынбасары:
-Азаматтардың ұсыныстарын алдағы уақытта фракциялар мен комитеттерде талқылап, қажет болса заңға енгіземіз. Яғни, елімізде де, белгілі адамның есімімен аталатын заң пайда болуы мүмкін. Мұндай тәжірибе АҚШ-та кеңінен қолданылады.