Ол өз парақшасында “Ғылыми жұмыстар жүргізіп, адам табиғатын зерттеушілердің, көнекөз қариялардың болжамы бойынша «Адамның беті – ішкі жан-дүниесінің айнасы» – деп жазады. Назарларыңызға әнші жазған мінездемелерді ұсынамыз.
-
Дөңгелек жүзді адам айналасына жайлы, төңірегіндегілерге қолайлы жағдай жасай алатын жан. Олар турашыл, еңбекқор, жақсы қасиеттері үнемі көбейе түсетіндер.
-
Маңдайы жалпақ, иегі сүйірленіп, үшбұрыштанып келген адамның есте сақтау қабілеті жақсы, бірақ мінезі құбылмалы. Өте сезімтал, содан қолға алған ісінен тез жалыға салатын кездері көп.
-
Ат жақты кісі жұртты бір іске бастауға икемді, зиялы, ұйымдастыру қабілеті мол. Қажыр-қайраты, ерік-жігері бір басына жеткілікті.
-
Қырынан қарағанда томпақ бет болып көрінетін адам қалжыңқой, ақжарқын.
Бет-әлпеттің жеке бөліктері бойынша:
-
Кең маңдай – ақыл-ой кемелділігінің белгісі.
-
Тар маңдайлы адам құнтты, пысық.
-
Орташа маңдай – есті адамның белгісі.
-
Жіңішке қас – талғампаз, кірпияз, ашуланшақ жанға тән.
-
Түзу қастың иесі – елгезек, тіл алғыш.
-
Қиылған қарлығаш қас – қиялшыл, арманшыл адамдарға бітеді.
-
Екі қастың арасы бір-бірінен алшақ тұрса, ондай адам басқалардың ықпалына тез түскіш. -
Қастың арасы түйісіп тұрса, ол адамның жүйкесі мықты.
-
Дөңгелек көздің иесі – кім көрінгенге сене салатын аңқау.
-
Қиықша көз – зеректіктің, тіпті кейде қулықтың да белгісі.
-
Қысық көз – шулы жерді ұнатпайтын кісікиік жандарда болады.
-
Үлкен мұрын – қызба, ұрыншақ, қызуқанды адамдарға бітеді.
-
Кішкентай мұрын – өмірден көп нәрсе талап ете бермейтін жанға тән.
-
Қусырылған мұрын – ашуланшақ, ызақор адамдардікі.
-
Жалпақ мұрын иесі – қамсыз, уайымсыз, сөзінде тұра бермейтін кісі.
-
Ұзын мұрын – иесінің қорқақ, сақ екенін танытады.
-
Кішкентай мұрынды адам – жайдары мінезді.
-
Мұрыны орташа адам – шыншыл, сенімді.
-
Үлкен ауыз – ақкөңілділіктің және елден ерекшеленіп көрінуге құштарлықтық белгісі.
-
Кішкентай ауыз – уақ, сараң, өзімшіл адамдарға тән.
-
Ұзын иек – қырсықтықтың, қысқа иек – ұшқалақтықтың белгісі.