Қарақат: Сәбитпен ажырасқан соң Алтынай қатты өзгерді

Бұл туралы Қарақат Әбілдина 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

Қарақат ажырасып кеткеннен кейін, Алтынайдың қатты өзгергенін айтты. Әрине, тек жақсы жағына қарай.

“Алтынай көп өзгерді. Үш жыл бұрын осы Астанаға келгенде басқа Алтынай болатын. Бұрын кішкене жасықтау болды, көп нәрсені ішінде сақтады, ішінен тынды. Ашық ешкіммен араласпаған да екен, жарқырап тіпті киінбеген. Тіпті, достары да аз болған. Бала, үй, жолдасының жағдайын, қас-қабағын бақты. Айтылған уақытта концертке барды, қайтты.

Ал қазір кішкене өзін әйел ретінде сезініп, көп уақытын өзіне арнап, сондай көп өзгеріс бар. Ол әйел затына өте қажет. Жүректің тыныштығы, өзіңнің әйел екеніңді сезу, тіпті дүкен аралап, өзіңе керекті нәрсені жан қалауыңмен таңдап алудың өзі адамға үлкен рахат сыйлайды. Бұл ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін, бірақ оның өзі әйел үшін маңызды”, – деп түсіндірді Қарақат.