Оның деректеріне қарағанда, қараша айында Қазақстанның табиғи өсімі 23,6 мың адам болды, 2013 жылдың қаңтар-қараша айларында тұтас алғанда – 236 мың 464 адам (2012 жылдың осы мерзімдегісі - 222 мың 958 адам).
Елдегі демографиялық жағдайға қатысты басқа сипаттамалар бойынша уақытша көрсеткіштер мынадай: бала туу – 36,3 мың адам және 363 мың 145 (354 мың 617), адам өлімі – 12,7 мың адам және 126 мың 681 (131мың 659).
2013 жылы қаңтар-қарашада Қазақстаннан эммиграцияланғаны 22 мың 618 адам ( өткен жылы сол мерзімдегісі 27 мың 977), елге иммиграцияланғаны – 22 мың 124 адам (26 мың 530).
Демек, деп атап өтеді статистиктер, 2013 жылы қаңтар-қарашада республикада миграцияның теріс сальдосы 494 адамды құрады.