Қараша айында БҰҰ-ның ана мен бала мәселелері жөніндегі сарапшылары келеді

Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазақстандық делегацияның шақыруымен биыл қараша айында Қазақстанға БҰҰ-ның ана мен бала мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшылары келеді», - делінген ведомство таратқан бүгінгі хабарламада.

15 мен 18 қыркүйек аралығында Копенгагенде (Дания) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа аймақтық бюросы ацмақтық комитетінің 64-ші сессиясы өтеді.

Қазақстан Франция, Мальта, Швециямен қатар 2015 пен 2018 жылдар аралығында ДСҰ атқару комитетіне мүше болу бойынша ДСҰ Еуропа аймақтық бюросы аймақтық комитетінің қолдауына ие болды.