Агенттік мәліметтеріне қарағанда, жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 2013 жылдың қаңтар-қараша айларында 2012 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 10,4 пайызға өскен. Бұдан бөлек, 2013 жылдың қарашасында еліміздің тұрғын үй нарығында баға орташа алғанда жаңа тұрғын үйлерде 1 шаршы метріне 188 мың 279 теңгені құраған. Ал көркейтілген тұрғын үйлердегі шаршы метр бағасы орташа 146 мың 449 теңгені, одан төменгі санаттағы тұрғын үйлерде 84 мың 917 теңгеге жетті.
Сонымен бірге, есепті кезеңде көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру шаршы метріне шаққанда 1 мың 92 теңгені құраған.