Шахтадағы жарылыс себептерін нақтылаумен айналысқан комиссия мүшелері осындай байлам жасап отыр, деп хабарлайды облыстық ТЖ департаменті жетекшісінің орынбасары Владимир Пфаргер.
Оның айтуынша, көмір өнеркәсібі саласы сарапшылары жарылғаш зат шахтерлердің абайсыздығынан іске қосылған деген қорытындыға келіп отыр.
«Аталған учаскеде ұңғы теспе бұрғыланбаған болатын. Шахтерлер оған жарылғыш зат орнатып, содан соң теспені бұрғылап алмақ болған. Салдарынан жарылғыш зат іске қосылған», - дейді В.Пфайфер.
Бұрын хабарланғандай, 4-қараша күні жергілікті уақыт бойынша 3.30-да ОЖ кенішіндегі №65 забойда жарылыс болған-ды. Салдарынан бір үңгуші қаза тауып, екіншісі ауруханаға жеткізілді.