Қарашада Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,7 пайызды құрады

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен айда бағаның жоғарылауы жұмыртқаға 4,7%-ға, күнбағыс майына - 1,8%, макарон өнімдеріне - 1,7%, сүт өнімдеріне, тұздалмаған сары майға - 1%-дан, ұнға - 0,9%, жемістер және көкөністерге - 0,8%, етке және құс етіне - 0,6%, балық және теңіз өнімдеріне, шайға - 0,4%-дан белгіленді. Бағаның төмендеуі қантқа 1,2%-ға тіркелді.
Баға темекі өнімдеріне 1,9%-ға, қатты отынға - 1,4%, газеттер және мерзімдік басылымдарға - 0,8%, киім және аяқ киімге - 0,6%, тұрмыстық аспаптарға - 0,5%,тұрмыстық тоқыма бұйымдарға - 0,4%, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 0,3%, жеке күтімге арналған тауарларға - 0,2%-ға өсті.
Баға деңгейі денсаулық сақтау саласында 1,2%-ға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласында - 0,6%, көлікте - 0,3%, мейрамханалар мен қонақ үйлер қызметтерінде - 0,2%-ға өсті. Пошта қызметтеріне баға 37,3%-ға қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер ыстық суға 3,7%-ға, орталық жылытуға - 2,9%, қоқыс жинауға - 2,6%, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 0,5%, суық суға - 0,2%-ға жоғарылады.